Петропавлда үлкен су тасқынының болу уақыты белгілі болды

0
510

Бүгінде Есіл өзенінің жағасында орналасқан 3 аудан мен Петропавл қаласында су тасқыны болу қаупі бар.


Петропавлда үлкен су тасқынының болу уақыты белгілі болды

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Мұрат Қанғожинов 2024 жылдың 8 сәуірінде Петропавлда су тасқыны қашан болатынын айтты, деп жазады zakon.kz.

Мұрат Қанғожиновтың Республикалық ақпараттық штабта өткен брифингтегі мәліметінше, Сергеев су қоймасы 180%-ға толған. Есіл өзенінің жайылмасында кептеліс байқалмағанымен, қоймадағы су деңгейі 415 см-ге жеткен.

"12 - сәуірден бастап облыс орталығына дейін (Петропавл) үлкен судың келуі күтіледі, шыңы 23- сәуірге келеді. Сонымен қатар су тасқыны жағдайы тұрақты мониторинг режимінде."Мұрат Қанғожинов

Бүгінде Есіл өзенінің жағасында орналасқан 3 аудан мен Петропавл қаласында су тасқыны болу қаупі бар. Бұл аймаққа 845 тұрғын үй және 5 мың саяжай кіреді.

Сонымен қатар, осы уақытқа дейін 40 үйдің 13-і су астында қалды. 244 адам эвакуацияланды, 44 адам үйге қайтарылды. Бұдан бөлек, су басқан 111 үй маңындағы аумақ бар.

Күштер мен құралдардың қосымша топтары құрылды.