Президент: Аутизмге шалдыққан балаларға оңалту орталықтарын құру керек

0
145

Дүние жүзіндегі осындай диагнозы бар балалардың жайы ел Президентін бейжай қалдырмай отыр.


Президент: Аутизмге шалдыққан балаларға оңалту орталықтарын құру керек

Фото: Ақорда

Сондықтан, Қасым-Жомарт Тоқаев "Үкімет пен әкімдер бұл шаруаны жандандыруы қажет" деп есептейді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

– Әрбір облыс орталығында ерекше қажеттілігі бар, соның ішінде аутизмге шалдыққан балаларды оңалту және дамыту орталықтарын құру керек. Өкінішке қарай, дүние жүзінде осындай диагнозы бар балалардың саны жылдам өсіп барады. Мұндай жағдай Қазақстанда да бар. Демеушілердің және "Қазақстан халқына" қорының көмегімен осы маңызды жұмыста белгілі бір ілгерілеу бар. Үкімет пен әкімдер бұл шаруаны жандандыруы қажет. Қазақстанда ерекше қажеттілігі бар әрбір баланың толыққанды білім алуға мүмкіндігі болуы керек. Бұл – өте маңызды мәселе. Сондықтан жыл соңына дейін осындай балаларға жан-жақты қолдау көрсету ісін реттейтін жаңа заң әзірлеу керек, – деді Президент.