Ресейде білім алып жүрген шетелдік студенттердің басым көпшілігі қазақстандықтар - елші

0
918

Ресейде 70 мыңнан астам қазақстандық студент оқиды.


Ресейде білім алып жүрген шетелдік студенттердің басым көпшілігі қазақстандықтар - елші

ERNUR.KZ. Ресейде 70 мыңнан астам қазақстандық студент оқиды, бұл Ресейдегі шетелдік студенттердің басым көпшілігі, деп жазады sputnik.kz.

"Қазір Ресейде 70 мыңнан астам қазақстандық студент білім алып жүр. Ресейде білім алатын шетелдік студенттердің басым бөлігі Қазақстаннан барған жастар", - деді Көшербаев Республика күніне орай Қазақстан елшілігінде өткен қабылдауда.
Республика күні Қазақстанда 25 қазанда тойланады, бұл еліміздің басты және жалғыз ұлттық мерекесі. 1990 жылдың дәл осы күні Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі республиканың мемлекеттік егемендігін жариялады.