Ресейдегі сегіз туристің өлімі: Қазақстан азаматы қамауға алынды

0
1 656

20 тамызда күндіз Мәскеуде нөсер жаңбыр жауаған.


Ресейдегі сегіз туристің өлімі: Қазақстан азаматы қамауға алынды

ERNUR.KZ. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі жерасты экскурсиясында қаза тапқан туристердің ісіне қатысты Қазақстан азаматы ұсталғаны туралы ақпаратты растады, деп жазады stan.kz.

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, 23 тамызда сот отырысы өтіп, онда қазақстандық азаматқа қатысты ағымдағы жылдың 21 қазанына дейін қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.

"Қазақстан Республикасының азаматы тергелуде, ол – айыпталушы", – деп хабарлады СІМ.

Біз экскурсияларды онлайн брондаумен айналысатын Sputnik негізін қалаушы және бас директоры Александр Ким туралы айтып отырмыз. Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, қазақстандық Мәскеудегі экскурсияға қатысты күдікті ретінде қарастырылып отыр. Ол турды ұйымдастырушы Никита Дубаспен бірге ұсталды.

20 тамызда күндіз Мәскеуде нөсер жаңбыр жауаған. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, жеті адамнан тұратын топ экскурсоводтың сүйемелдеуімен Мәскеу кәріздері арқылы Неглинка жерасты өзеніне экскурсия жасаған. Құрамында кәмелетке толмаған үш бала бар топпен байланыс үзілген. Артынша сегіз адамның мәйіті табылды.