Рудныйда уланып қалған студенттердің жағдайы белгілі болды

0
558

​Студенттер тамақтанған асхана тексеруден өтті.


Рудныйда уланып қалған студенттердің жағдайы белгілі болды

ERNUR.KZ. Рудный қаласында 14 студент "жедел гастроэнтерит" диагнозымен ауруханаға жатқызылды. Зардап шеккендердің жағдайы тұрақты, орташа ауырдәрежеде, деп жазады sputnik.kz.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жедел ішек инфекциясы белгілерімен 35 студент медициналық көмекке жүгінгенін, олардың 14-і "жедел гастроэнтерит" диагнозымен ауруханаға жатқызылғанын, қалғандарына амбулаторлық ем тағайындалғанын хабарлады (олар түскен кезде жүрегі айнып, құсқанын, іші өткенін айтқан).
Комитеттің Қостанай облысы бойынша департаменті "S_SALTA" ЖШС жеке компаниясы жалға алған асхананы жоспардан тыс тексеруді бастады.
"Тексеріс барысында тамақ өнімдерінен, судан сынамалар алынып, қызметкерлер тексерілді. Мамандар эпидемияға қарсы шараларды жүргізіп жатыр", - деп хабарлады комитет.
Бұған дейін білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Рудный тау-кен және технология колледжінде студенттердің жаппай улануына қатысты пікір білдірген болатын. Ол мәселенің басын ашып, тексеріс жүргізу керек деді.