Сарапшы Қазақстанда су тасқыны қаупі бар аймақтарды атады

0
519

Қардың тез еруі, температураның жоғарылауы және мол жауын-шашын су тасқынын болдыруы мүмкін.


Сарапшы Қазақстанда су тасқыны қаупі бар аймақтарды атады

ERNUR.KZ. Sputnik Қазақстан алаңында өткен пікірталас кездесуінде су ресурстары және ирригация министрлігі су шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары Гүлмира Имашева тасқын қаупі бар өңірлер туралы болжамын айтты, деп жазады sputnik.kz.

"Күн қатты жылынса, су тасқыны шығыста, батыста, сондай-ақ Қостанай облысында болуы мүмкін", - деді сарапшы.
Оның айтуынша, болжам өткен жылғы қолда бар деректерге негізделген.
Ол қазір су тасқыны қаупі бар аудандардың тәуекел картасы әзірленіп, елдегі су шаруашылығы жағдайына тұрақты мониторинг жүргізіліп жатқанын айтты.

Су қоймаларының жапғдайы қандай?

"Біздің барлық су қоймаларымыз толтыру режимінде жұмыс істейді және бүгінгі күні олар 60-70%-ке толы. Яғни, су қоймалары ағынды реттеу үшін су көлемін қабылдауға дайын", - деді ведомство өкілі.
Мысалы еліміздегі ең ірі су қоймаларының бірі – Шардарада бүгінгі күні 2,5 текше шақырым су жиналған, өткен жылдың осы кезеңінде мұндағы су көлемі 4,1 текше шақырым болған. Басқа су қоймасы – Тасөткелде 301 млн текше метр жинақталған (рұқсат етілген көлемі 426 млн текше метр – ред.) және ол транзиттік режимде жұмыс істейді, яғни келетін барлық су бірден төменгі ағысқа төгіледі. Осылайша, су қоймасы тасқын суларды қабылдауға дайын.

Апаттық объектілер мен арналардың жай-күйі қандай?

Оның айтуынша, 2023 жылдың күзінде 24 тірек құрылымы апатты жағдайда екені анықталған. Бұл тек су қоймалары ғана емес, сонымен қатар су тораптары мен бөгеттер.
"Бүгінгі таңда бізде екі апатты су қоймасы бар. Олар: Жетісу облысындағы Үлкен Ақсу және Солтүстік Қазақстан облысындағы Шарық су қоймасы. Оларға су жиналмайды. Су қоймалары транзиттік режимде жұмыс істейді. Келген барлық су бірден төмен түседі", - деп атап өтті Имашева.
Сарапшы атап өткендей, бүкіл еліміздің барлық аймағында каналдарды жөндеу және қайта құру бойынша үлкен жұмыс күтіп тұр.
"Бүгін министрлік су шаруашылығын дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған кешенді жоспарын әзірледі және пайдалы әрекет коэффициентін 0,8-0,85-ке жеткізу үшін бізге 14,5 мың шақырым каналды жөндеп, қалпына келтіру қажет", - деді Гүлмира Имашева.
Бұл жұмысты өңірлік су шаруашылықтары жүргізеді, сондықтан министрлік бастамашылық еткен "Қазсушарды" тексеру олардың қызметін жақсартады, деп есептейді спикер.

Жазда су тапшылығы бола ма?

Оңтүстіктегі былтырғы су тапшылығы биыл болмайды, дейді маман.
"Оңтүстікте биыл біздегі суды алуға тырысамыз. Егер болжам туралы айтатын болсақ, бұл 2022 жылға қарағанда жақсы болады. Менің ойымша, біз суы аз аймақтан шығамыз", - деді ведомство өкілі.
Ол биыл 10-15 сәуірде Шу-Талас комиссиясының отырысында Қырғызстан келісім бойынша төменгі ағысқа – Шу және Талас өзендері арқылы Қазақстанға жіберетін судың нақты көлемі анықталатынын айтты.