Семейде көпір үстінде кері қарай жүрген той кортежі желіні шулатты (видео)

0
851

Жүргізуші автокөлікті артпен жүргізгені үшін және мемлекеттік нөмір тақпағаны үшін жауапқа тартылады.


Семейде көпір үстінде кері қарай жүрген той кортежі желіні шулатты (видео)

ERNUR.KZ. Семейде той кортежінің жүргізушісі өзіне көпшіліктің назарын аудару үшін көпір үстінде артқа қарай жүрген. Оқиғаның куәгерлері тәртіп бұзушыны видеоға түсіріп, желіге жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бейнеролик Instagram-дағы oo_osa_semey_vko қоғамдық парақшасында пайда болды.
Кадрларда той кортежіндегі қымбат автокөліктің көпір үстінде кері қарай жүріп бара жатқаны көрінеді.
Видеоның жазбасында жол ережесін бұзған жүргізушінің жауапқа тартылғаны, оның атына 2 әкімшілік хаттама толтырылғаны айтылады.
Пост авторының айтуынша, жүргізуші автокөлікті артпен жүргізгені үшін және мемлекеттік нөмір тақпағаны үшін жауапқа тартылады.
Желі қолданушылары көлік жүргізушісінің әрекетін теріс бағалап, көптеген жағымсыз пікір қалдырды.
"Өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айыру керек", "Шектен шыққан, бұлай істеуге болмайды, жамандық жазалануы тиіс", – деп жазды олар.