Семейде өртеніп жатқан пәтерден екі бала құтқарылды – видео

0
422

Балаларына көмектесуге тырысқан 1980 жылғы пәтер иесін күйік шалды, ол ауруханаға жатқызылды.


Семейде өртеніп жатқан пәтерден екі бала құтқарылды – видео

ERNUR.KZ. Семей қаласында көпқабатты үйден өрт шықты. Құтқарушылар түтінге тұншығып тұрған екі баланы алтыншы қабаттан автосатымен сыртқа шығарды, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Ресми мәліметке сәйкес, төтенше жағдай Физкультурная көшесінде болған. Алтыншы қабаттағы пәтерде жиһаз бен жеке заттар өртенген. Алдын ала болжамға сәйкес, электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптары сақталмаған.
Оқиға орнына барған құтқарушылар жанып жатқан пәтерден 14 және 16 жастағы баланы автосатымен алып шықты. Оларда улану белгілері болғандықтан, медициналық мекемеге жеткізілген. Бұдан бөлек, үйдің 31 тұрғыны, соның ішінде 14 бала қауіпсіз жерге шығарылды.
"Балаларына көмектесуге тырысқан 1980 жылғы пәтер иесін күйік шалып, ауруханаға жатқызылды. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 40 адам және 10 техника тартылды", - дейді департамент мамандары
Құтқарушылар қауіпсіздік шараларын барынша сақтау қажеттігін тағы бір мәрте ескертті. Өрт шыққан жағдайда тыныс алу органдарын дымқыл шүберекпен жауып, түтіндеген орыннан шұғыл шығып кету керек.