Семейде су тасқынынан зардап шеккендер өтемақы алмайды

0
1 282

Семейде су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар мемлекет тарапынан берілетін өтемақыны алмайтын болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Семейде су тасқынынан зардап шеккендер өтемақы алмайды

Семейде су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар мемлекет тарапынан берілетін өтемақыны алмайтын болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Аягөзде тасқыннан зардап шеккен 13 отбасы баспаналы болды Қаладағы Мирный, Затон, Пристань, Түйемойнақ аралы ауданы мен Бобровка саяжайындағы 287 үйді су басқан болатын. Зардап шеккен тұрғындардың көбі баспаналарына оралмаған. Әлі күнге дейін туған-туыстары мен қонақүйлерді паналап жүр. Себебі, су астында қалған үйлерінің іші кеппеген. Арнайы құрылған комиссия су алған үйлердің шығынын есептеп, жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеген. Бірақ тұрғындар мемлекет тарапынан бөлінетін өтемақыны қолдарына алмайтын болды. Барлық қаражат жөндеу жұмыстарымен айналысатын мердігер мекемелерге беріледі.

Семей қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары Амантай Утельбаевтың сөзінше, бұл әрекет тұрғындардың қамы үшін жасалып отыр.

"Үйлерді жөндеу жұмыстарын құрылыс мекемелері арнайы сметалық жобаға сәйкес жүргізеді. Егер өтемақы тұрғындардың қолына берілсе, олар жұмысшыларға, құрылыс материалдарына ақша үнемдеп, кейін жасалған жөндеу жұмыстары сапасыз болып жатса, арада мәселелер туындауы мүмкін. Ал жөндеу жүргізген құрылыс компаниясы келеңсіз жайттар орын алса жауап береді. Жұмыс сапасын арнайы комиссия және үй иелерінің өздері қадағалайды. Өтемақы бөлінген кезде біз барлық тұрғындармен жеке сөйлесеміз. Себебі, әркімге келген шығын көлемі әртүрлі», - деді Амантай Утельбаев.

Айта кетсек, баспаналары су астында қалған Бобровка саяжайының тұрғындары үшін де мемлекет тарапынан өтемақы берілмейді. Себебі, саяжай үйлері қалыпқа келтірілуі тиіс нысандар тізіміне енбейді. Бірақ саяжай үйлерін жөндеу үшін бюджеттен тыс қаражат бөлінді.