Шардара су қоймасы 90% толды

0
175

Оңтүстік облыстардың шаруаларын суармалы сумен қамту үшін Шардара қоймасына 15 млн текше метрге көп су жиналды.


Шардара су қоймасы 90% толды

ERNUR.KZ. Оңтүстік облыстардың шаруаларын суармалы сумен қамту үшін Түркістан облысындағы Шардара қоймасы 4 млрд 698 млн текше метр су жинап, 90% толды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 15 млн-ға көп. Бүгінгі таңда оңтүстіктегі қоймалар суару маусымында жергілікті шаруалардың сұранысын қанағаттандыру үшін белсенді су жинап жатыр, деп хабарлады ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.

Қазір Шардарадан Сырдария өзенінің төменгі ағысына секундына 400 текше метр су жіберілуде. Ал, Қаратерең су бекеті арқылы Арал теңізіне секундына 162 текше метр су кетіп жатыр. Бұл былтырғы көрсеткіштен 65 текше метрге көп.

«Былтыр біз Ашхабад қаласында өткен Мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясының отырысында вегетациядан тыс кезеңінде Шардара су қоймасына 11 млрд текше метрге жуық су келеді деп келіскен едік. Бүгінгі күннің өзінде Шардараға 11,9 млрд немесе болжанған көлемнен 9%-ға артық су келді. Шардара қоймасы мен Көксарай су реттегішінің жұмыс кестесі бақылауға алынып, Сырдария өзеніндегі су шаруашылық жағдайына күнделікті мониторинг жүргізілуде», – деді су ресурстары және ирригация вице-министрі Нұрлан Алдамжаров.