Щучинск базарынан шыққан өрттен бір адам қаза тапты

0
486

Алдын ала болжам бойынша ол базардың күзетшісі болуы мүмкін.


Щучинск базарынан шыққан өрттен бір адам қаза тапты

ERNUR.KZ. Ақмола облысы, Бурабай ауданының Щучинск қаласындағы "Жомарт" базарынан өрт шығып, бір адам мерт болды. Алдын ала болжам бойынша ол базардың күзетшісі болуы мүмкін, деп жазады exk.kz.

"Өрт сөндіру барысында ер адамның денесі табылды. Алдын ала болжам бойынша ол базардың күзетшісі болуы мүмкін. Қазіргі таңда анықтау жұмыстары жүргізілуде. Өрт орнында өрт-техникалық зертханасы, полицейлер жұмыс істеп жатыр", — деді Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.


Өрт 1700 шаршы метр аумақты шарпыған. Ал ғимараттың жалпы ауданы 3000 шаршы метрді құрайды. Алапат өртті 97 өртсөндіруші екі сағаттың ішінде сөндірген. Оқыс оқиға таңғы сағат 04:50-де болды.