Шетелде оқитын 2 мыңға жуық студенттер отандық жоғары оқу орындарына ауысты

0
874

Олардың мұндай шешім қабылдауына пандемия ықпал еткен.


Шетелде оқитын 2 мыңға жуық студенттер отандық жоғары оқу орындарына ауысты

ERNUR.KZ. Шетелде оқитын екі мыңнан астам қазақстандық студент отандық жоғары оқу орындарына ауысты, деп жазады inbusiness.kz.

Олардың мұндай шешім қабылдауына пандемия ықпал еткен. Мәселен білім беруді онлайн форматқа көшірген университеттер оқу ақысын өсірген.

Себебі, қашықтан дәріс беру оңай болып көрінгенімен, оны жүзеге асыратын платформаларды орнатуға қыруар қаржы кеткен. Ал жоспарланбаған шығынды білім ордалары студенттердің есебінен жабуды ұйғарған.