ШҚО-да 16 жастағы қыз суға батып кетті

0
7 862

Мамандар адамдарды су айдындарында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға, жабдықталмаған жерлерде шомылмауға шақырады.


ШҚО-да 16 жастағы қыз суға батып кетті

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданында 16 жастағы қыз суға батып кетті, деп жазады ҚазАқпарат.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 22 шілде күні 16 жастағы қыз Бұқтырма өзеніне батып кеткен.

- Бұқтырманың суы суық, қатты ағынды. Десе де бойжеткен соған қарамастан шомылған. Міне, осының соңы қайғылы жағдайға әкеп соқты, - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте, департамент мамандары өңір жұртшылығын су айдындарында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға, жабдықталмаған жерлерде шомылмауға шақырады.