ШҚО-да 27 жастағы әйел баласымен бірге суға батып кетті

0
432

Анасы қызын құтқару үшін суға секірген.


ШҚО-да 27 жастағы әйел баласымен бірге суға батып кетті

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында 27 жастағы әйел 8 жасар баласымен бірге суға батып кетті, деп жазады ҚазАқпарат.

Алтай аудандық Төтенше жағдайлар басқармасының мәліметіне сүйенсек, қайғылы оқиға 29 маусымда Малеевск ауылындағы өзенде болды. Бір топ адам су жағасына демалу үшін барған.

«2013 жылғы қыз абайсызда суға құлап түскен. Оны құтқару үшін анасы өзенге секірген. Өкінішке қарай, екеуі де суға батып кетті. Оқиға орнына келіп жеткен құтқарушылар бірнеше сағаттан кейін әйелдің денесін тапты», - деді басқарма бастығының орынбасары Азамат Абдрахманов.

Ал қыздың мәйіті 30 маусымда таңертең табылған.

Осы ретте, құтқарушылар өңір жұртшылығын жабдықталмаған жағажайларда шомылмауға шақырады.