Әсіресе мұндай қауіп Катон-Қарағай және Алтай ауданына төніп тұр.
иллюстрациялық фото
Шығыс Қазақстан облысында 94 елдімекен қызыл судың астында қалуы мүмкін. Өйткені өңірде биыл қар қалың түскен, деп хабарлайды ERNUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.
Сондықтан құтқарушылар көктемгі тасқынға дайындықты бастап кетті. Қолда бар техниканықамдап, су астында қалған ауылдарға жетуге 44 қайық әзірлеп қойған. Таудағы ақ ұлпа ерісе, бөктердегі елдімекендерді шетінен су басуы мүмкін.
Әсіресе мұндай қауіп Катон-Қарағай және Алтай ауданына төніп тұр. Тіпті Өскемен мен Семей қаласын да қызыл су басуы мүмкін екен.
Сондықтан мамандар аймақтағы өзен-көлдерді тікұшақпен барлауға көшкен.
"Су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспарға сәйкес, қалалар мен аудандардың әкімдіктерімен бірлесе кешенді шаралар жүргізілуде. Соның бірі – 374 тонна жанар-жағармай дайындалды. Су өткізу құбырларын, арықтарды тазалау жүргізіліп жатыр" - дейді ШҚО ТЖД Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының аға инженеріАяулым Кекиева.