Мектеп және әкімдік ғимараттарында эвакуациялық пункттер дайындалды.
ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысында ТЖД құтқарушылары мен жергілікті атқарушы органдар Бородулиха ауданы, Новопокровка ауылының тұрғындарын эвакуациялады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
«9 сәуір күні Новопокровка ауылында қарғын су үй аулаларына жайылды. Су деңгейі 10-30 см-ге дейін жетті. Қазіргі уақытта он үйдің тұрғындары эвакуацияланып, туған-туыстарына жеткізілді. Сонымен қатар, мектеп және әкімдік ғимараттарында эвакуациялық пункттер дайындалды», - делінген ақпаратта.
Бородулиха ауданындағы төтенше жағдайға жеке құрамнан 83 адам жұмылдырылды. Сондай-ақ, ШҚО ТЖД және жергілікті атқарушы органдардан, №68303 әскери бөлімнен 19 техника, 3 жүзу құралы, 5 мотопомпа жеткізіліп, 400 дана қап төселді.