​ШҚО-да жаңа туристік кешен пайда болады

0
1 345

Жобаның жүзеге асыру 2021 жылға жоспарланған. Құны 21 миллиард теңгені құрайды.


​ШҚО-да жаңа туристік кешен пайда болады

ERNUR.KZ. ШҚО-да 2021 жылы ірі жаңа туристік кешен пайда болады, деп жазады Алтайньюс.

“Ертіс” ӘКК” ҰК” АҚ сайтында жарияланған мәліметке сүйенсек, туристік кластерді дамыту бойынша ірі жоба бар екен. Онда Бұқтырма суқоймасында кешен салу көзделген. Бұл туристік кешен алты базадан тұрады. Басты базасы суқоймадағы Гусиный аралында, қалған бес «филиалы» Бұқтырма суқоймасы мен Зайсан, Марқакөл көлдерінің айдындарында орналасады.

Жоба авторлары аталмыш кешеннің бірегей болатынына сенімді. Себебі ол балық және аң аулайтын орындары бар жерлерді қамтиды. Сондай-ақ, Жоңғар кезеңіндегі көне қорғандарға экскурсия жасау, емдік қасиеті бар бастау бұлақтарына бару секілді қызметтер де көрсетіледі.

Жобаның жүзеге асыру 2021 жылға жоспарланған. Құны 21 миллиард теңгені құрайды.

Қазіргі таңда қонаүй кешенін орналастыратын ғимарат дайын тұрған көрінеді. Туристік кешен пайдалануға берілгеннен кейін жылына төрт мыңнан астам жолдама сатылады деп жоспарланып отыр.