Шығыс Қазақстан облысында 2 адам суға батып кетті

0
399

Марқұмдардың үлкені 26-да болса, кішісі 14 жаста.


Шығыс Қазақстан облысында 2 адам суға батып кетті

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысында екі адам суға батып кетті, деп жазады ҚазАқпарат.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 17 маусым күні екі бірдей қайғылы жағдай болған.

«Күршім ауданындағы Зайсан көлінде 1995 жылғы жігіт суға кетті. Қайық аударылып түскенде ол жүзе алмағандықтан судан шыға алмай қалған. Екінші оқиға Шемонаиха ауданында болды. 14 жастағы жасөспірім достарымен бірге тереңдігі 1 метр 20 сантиметрге жететін карьерге жиналып қалған қар суына шомылып жүрген. 2 метрдей биіктіктен суға секірген бала жүзіп шыға алмай қалып, сол жерде жантәсілім етті», - деп хабарлады ведомство өкілдері.