ERNUR.KZ. Бүгін, 2025 жылғы 10 наурызда Шымбұлақ тау шаңғысы курортында қар көшкіні жүрді, деп жазады Zakon.kz.
"Қазселденқорғау" ММ дерегіне сүйенсек, №26в, 26г қар көшкіндер жинағында қар көшкіні орын алды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Еске сала кетсек, бұған дейін ТЖД Қазгидромет РМК-ның 07 науырыздағы дауылды ескерту негізінде азаматтарды ақпараттандыру үшін смс-хабарландыру, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдарға (оның ішінде Шымбұлақ ГЛК) таулардағы көшкін қаупі туралы хабарламалар, хат-ескертулер жіберіліп хабардар етілді.
Нақтыланған ақпарат бойынша 2025 жылғы 10 наурызда "Шымбұлақ" ТШК-да жолдан тыс шаңғышылармен сырғанау кезінде (3 турист) тау бөктерін кесіп, көлемі шамамен 3500 м³ қар көшкінінің түсуіне ықпал етті.