Синоптиктер еліміздің екі облысындағы өзендерде су деңгейі көтерілетінін ескертті

0
445

Ақмола облысы Қалқұтан өзенінің гидрологиялық стансасы – Қалқұтан ауылында су деңгейі көтеріліп, мұз жылжып жатыр.


Синоптиктер еліміздің екі облысындағы өзендерде су деңгейі көтерілетінін ескертті

ERNUR.KZ. Синоптиктер еліміздің екі облысындағы өзендерде су деңгейі көтерілетінін ескертті, деп жазады inform.kz.

Ақмола облысы Қалқұтан өзенінің гидрологиялық стансасы – Қалқұтан ауылында су деңгейі көтеріліп, мұз жылжып жатыр.

Сағат 12-дегі жағдай бойынша су деңгейі критикалық деңгейден 1 см (критикалық деңгей – 630 см) асты. Өзендегі су деңгейінің көтерілуі қар жамылғысының қарқынды еруінен, сайлардан келетін ағынды сулардан, бүйірлік ағынмен және өзен арнасының жоғары ағыс бөлігінен келетін ағынмен байланысты.

Мұз құбылыстарының әсерінен (мұз жұру, мұз кептелісі) су деңгейі одан әрі көтеріліп, су өзен жағасына шығуы мүмкін. Су деңгейі қауіпті деңгейден асса да, судың жайылуы байқалмады. Қауіпті деңгейден асқан кезде ауылдың өзінде және ағысы бойынша төмен орналасқан, сондай-ақ өзеннің жайылмалы учаскелерінде орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстар мен жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.

Журавлевка ауылы - Бақсұқ өзені гидрологиялық бекетінде мұз жүру әсерінен су деңгейінің көтерілуі жалғасуда (4 сағат ішінде 77 см). Сағ. 20 жағдай бойынша су деңгейі қауіпті деңгейден 48 см асты (қауіпті деңгей - 690 см) су нысанының күйі – бекеттен жоғары және төмен мұз кептелісі, мұздың жүруі.

Қар жамылғысының қарқынды еруінен, өзен арнасының жоғарыдағы, бүйірлік ағын және жылғалардан еріген қар ағынының келуінен өзендегі судың деңгейі көтерілді. Мұз құбылыстарының әсерінен (мұз жұру, мұз кептелісі) су деңгейі одан әрі көтеріліп, су өзен жағасынан шығуы мүмкін. Су деңгейі қауіпті деңгейден асса да, судың жайылуы байқалмады. Қауіпті деңгейден асқан кезде ауылдың өзінде және ағысы бойынша төмен орналасқан, сондай-ақ өзеннің жайылмалы учаскелерінде орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстар мен жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.

Қостанай облысында 10-12 сәуір аралығында жаңбыр түріндегі жауын-шашын болжамына байланысты еріген қар ағынының қарқынды қалыптасуы, сонымен қатар облыстың солтүстігі мен шығысындағы өзендерде су деңгейінің көтерілуі жалғасады. Су деңгейінің қауіпті деңгейден асып кетуі және өзен жағасынан шығуы мүмкін. Бұл ретте автожолдарды, елді мекендерді және шаруашылық құрылыстарды су басу қаупі бар.