СҚО-да екі жасар бала шұңқырдағы шалшық суға батып кете жаздады

0
725

Қазіргі уақытта баланың жағдайы қалыпты.


СҚО-да екі жасар бала шұңқырдағы шалшық суға батып кете жаздады

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысы Қаратерек ауылында ҰҚК Шекара қызметі департаментінің әскери қызметшісі Айдын Тұрсынғазыұлы қазылған суы бар шұңқырға құлаған екі жасар баланы құтқарып қалды, деп жазады zakon.kz.

"Оны ес-түссіз күйде тапқан шекарашы жасанды тыныс алу және кеуде қуысын басу түрінде алғашқы медициналық көмек көрсетті, содан кейін бала есін жиды", деп хабарлады ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта баланың жағдайы тұрақты.