Солтүстік Қазақстанда су тасқыны салдарынан жол жабылды

0
679

​Солтүстік Қазақстанда жол тасқын суларға толып, жол бөлігінен асып кетті.


Солтүстік Қазақстанда су тасқыны салдарынан жол жабылды

ERNUR.KZ. Петропавл маңындағы Челябі – Новосібір халықаралық маңызы бар тасжолының учаскесі тасқын сулар салдарынан жабылды, деп жазады sputnik.kz.

"Челябі – Новосібір тас жолының 528-ші шақырымындағы жол Есіл өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне және оның жол арнасынан асып кетуіне байланысты жабық. Заречный кенті арқылы айналма жол бар", - деп хабарлады әкімдік.

Сонымен қатар Қазгидрометтің облыстық филиалы өзендегі су деңгейінің одан әрі көтерілуіне байланысты дауылды ескерту жариялады.

"Петропавлдағы Есіл өзенінде су деңгейінің көтерілуі жалғасуда. Су деңгейі қауіпті белгіге жақындап келеді. 25 сәуір сағат 8-дегі жағдай бойынша нақты көрсеткіш 982 сантиметрді құрайды (қауіпті белгінің 98%-і). Қауіпті деңгей – 1004 сантиметр. Су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде. Сондықтан су қауіпті деңгейінен асып кетуі мүмкін", - деп ескертті Қазгидромет.