Солтүстік қазақстандық азамат домбыраның электронды түрін жасап шығарды

0
193

Бұрын музыкадан сабақ берген ұстаз мұндай аспапты жасауға 5 жыл уақыт жұмсаған.


Солтүстік қазақстандық азамат домбыраның электронды түрін жасап шығарды

ERNUR.KZ. Петропавл тұрғыны Болат Қанафин заманауи домбыраның электронды түрін жасап шығарды. Ол өз туындысын "миди домбыра-синтезатор" деп атады, деп жазады Stan.kz.

Бұрын музыкадан сабақ берген ұстаз мұндай аспапты жасауға 5 жыл уақыт жұмсаған. Былтыр өз идеясын патенттеп алған.

Аспапта шек тек домбыра әуенін ғана емес, сонымен қатар, мандалин, аргана, кларнет, скрипка, гитара сияқты өзге де аспаптарының үнін береді. Барлық аспапты электрлі бір жүйеде жасауды ол 12 жасынан армандаған.

“Ең алғаш синтезаторды көргенде маған ол аспаптың дыбысы қатты ұнады. Кейін анамнан фартепианода ойнап үйрену үшін мені музыкалық мектепке апаруын өтіндім. Алайда ол кезде музыкалық мектеп анама: “ұлыңыздың саусақтары тым қысқа, ойнай алмайды” деп мені қабылдамады. Сол кезде анам мені жұбатып “домбыраны үйрен” деген болатын. Дәл сол кезде менің ойыма синтезатор сияқты дыбыс беретін функцияны домбыраға орнату туралы идея келген”, – деді Болат Қанафин.

Өнертапқыш аспапқа эксперимент жасауда бауырымен бірге біраз жыл бойы еңбектенген. Нәтижесінде олар он шақты арнайы эффектілері бар домбыраның үш түрін жасап шығарды. Мұнда тіпті радио да жұмыс істейді.


Автордың айтуынша төртінші модель алдыңғыларынан да керемет болады. Батырмалар орнында сенсорлы экран орналастырылады.

“Алдыңғысында 44 функцияны орындайтын 16 генератор болған. Ал мұнда 32 дыбыс генераторы 120 функцияны жүзеге асыра алады. Домбыра оркестрі үшін бұл супер домбыра болмақ. Менің басты мақстым домбыра аспабының дыбысын жақсы шығару. Мұндай дыбыстық генератор әлемде жоқ”, – деп өосты ол.

Болат Канафиннің өмірі музыкамен тікелей байланысты. Ол 50 шақты өзінің композициясын жазып шығарған.