Арман Жұмагелдиевті қамау мерзімі 7 тамызға дейін ұзартылды.
ERNUR.KZ. Алматыда қаңтар оқиғасынан кейін қолға түскен Арман Жұмагелдиевті қамауға алу мерзімі тағы екі айға ұзарды, деп жазады Azattyq Ruhy.
«3 маусымда Алматы ауданаралық соты тергеу өтінішін қарап, Арман Жұмагелдиевті қамау мерзімін 7 тамызға дейін ұзартты», - деп хабарлады Алматы қалалық соттың баспасөз қызметі.
Еске салайық, 7 қаңтарда Алматы полицейлері «Дикий Арман» лақап атымен танымал қылмыс әлемінің серкесі Арман Жұмагелдиевті ұстаған болатын.
4 сәуірде тергеу сотының қаулысымен оны қамау мерзімі екі айға ұзартылған еді. Кейін Бас прокуратура «Дикий Арманың» Ұлттық қауіпсіздік қызметінің тергеу изоляторында отырғанын, сондай-ақ ол құрған қылмыстық топтың тағы бес мүшесі қамауға алынғанын хабарлады.