Студенттер тұратын хостелдер тексеріле ме – министр жауабы

0
551

Министрдің мәлімдеуінше, заңнама талаптарын қатаң сақтау қажет.


Студенттер тұратын хостелдер тексеріле ме – министр жауабы

ERNUR.KZ. Үкіметтік комиссия студенттер тұратын хостелдердегі заң бұзушылықтарды тексереді. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлім етті, деп жазады Kazinform.

«Заңнамамның өз талаптары бар. Бізде жеке компанияларды тексеруге мораторий жарияланды. Студенттер тұратын хостелдер - жеке ұйым. Осы орайда үкіметтік комиссия арқылы талаптарды қалай айналып өту немесе тексерулер жүргізу туралы қандай да бір шешімдер қабылданатын болады», - деді Саясат Нұрбек Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің мәлімдеуінше, заңнама талаптарын қатаң сақтау қажет.

«Үкіметтік комиссия барлық себептер мен бұзушылықтарды анықтайды, оның шешімін күту керек», - дейді ведомство басшысы.