Студенттердің жол жүруіне арналған қаражат толық көлемде аударылды – министрлік

0
136

Енді әрбір университет ақшаны студенттердің жеке банк картасына аударуы қажет.


Студенттердің жол жүруіне арналған қаражат толық көлемде аударылды – министрлік

фото: Sputnik/Ертай Сарбасов

ERNUR.KZ. Ғылым және жоғары білім министрлігі студенттердің жол жүру шығынына арналған қаражаттың толық көлемде аударылғанын хабарлады, деп жазады sputnik.kz.
"2025 жылғы 31 шілдедегі жағдай бойынша студенттердің жеңілдікпен жол жүруіне арналған қаражат ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі тарапынан толық көлемде жоғары оқу орындарының есепшоттарына аударылды", - делінген ресми хабарламада.
Осыдан кейін әрбір университет ақшаны студенттердің жеке банк картасына аударуы қажет.
Айта кетері, мемлекеттік грантпен оқитын студенттерге екі жылда бір рет каникул кезінде жол жүру шығынына арналған қаражат аударылады. Оның көлемі – 4 АЕК (2025 жылда – 15 728 теңге).