Студенттерге вакцина салдыру міндетті ме – Бекшин жауап берді

0
417

Елімізде вакцина салдыру туралы шешімді әркім ерікті түрде қабылдайды.


Студенттерге вакцина салдыру міндетті ме – Бекшин жауап берді

ERNUR.KZ. Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин студенттердің қандай жағдайда оқу орнына келіп оқи алатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik.


"Елімізде вакцина салдыру туралы шешімді әркім ерікті түрде қабылдайды. Меніңше, студенттер офлайн режимде оқығысы келсе, оқу орнының студенттері мен оқытушыларының 80%-тен асқан бөлігі вакцина салдыруы керек. Бұл балабақша, мектепте де дәл солай. Егер отбасыда 18 жастан асқандар вакцина салдырған болса, балалар мектепке барып оқуы керек", - деді Жандарбек Бекшин.

Бекшиннің сөзінше, вакциналау көптеген мәселені шешуге көмектеседі.

"Келесі оқу жылын офлайн форматта бастау керек. Ол үшін 18 жастан асқан барлық адам вакцина салдыруы керек. Егер студент жатақханада тұратын болса, медициналық қарсы көрсеткіштері бар адамнан басқасының бәрі вакцина салдырған болуы қажет", - деді қаланың бас санитар дәрігері.