Су тасқыны бойынша қай қоймаларда жағдай күрделі - ТЖМ мәлімдеді

0
945

Түркістан және Қызылорда облыстарының аумақтарын су басуы мүмкін.


Су тасқыны бойынша қай қоймаларда жағдай күрделі - ТЖМ мәлімдеді

ERNUR.KZ. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің айтуынша, жыл басынан бері Шардара су қоймасында және Көксарай су реттегішінде күрделі жағдай қалыптасып келеді, деп жазады zakon.kz.

  • Бүгінде Шардара су қоймасының суға толуы – 5,1 млрд м3 болды немесе 98% (5 млрд 200 млн м3 жобасында).
  • Көксарай су реттегішінде – 1,8 млрд. м3 немессе 98% толды.
"Бұл ретте Су ресурстары комитетінің тапсырысы бойынша «Қазгипроводхоз» институты тексеру жүргізіп, оның техникалық жай-күйі туралы қорытынды берді. Оған сәйкес жинақтау 1,8 млрд м3 судан аспауға тиіс. Бұл туралы біз Экология және табиғи ресурстар министрлігіне бірнеше рет хабарлады", - деді ТЖМ басшысы.

Министрдің сөзінше, су тасқынының ықтимал жағдайы Шардара су қоймасынан және Көксарай су реттегішінен көп мөлшерде су ағызған (транзиттік режимге өту) жағдайда Түркістан және Қызылорда облыстарының аумақтарын су басуы мүмкіндігімен күрделене түседі.

"Экология және табиғи ресурстар министрлігі Шардара су қоймасы мен Көксарай су реттегішінде судың жинақталу барысын бақылау үшін ведомствоаралық жұмыс тобын құру жөніндегі (Төтенше жағдайлар және энергетика министрліктері, Қызылорда және Түркістан облыстары әкімдіктері мамандарының қатысуымен) біздің ұсыныстарымызды есепке алған жоқ. Гидротехникалық құрылыстардың су тасқынына әзірлігін бағалау Экология және табиғи ресурстар министрлігінің олардың санының жыл сайынғы өзгеруіне байланысты да қиынға соғып отыр", - дейді Юрий Ильин.

Министр еліміздегі су шаруашылығы объектілерінің көпшілігінің нақты тозуы бүгінде 60%-дан астамға жеткенін, осыған байланысты олардың сенімділігі мен қауіпсіздігі төмендегенін қоса кетті. Ол осыған байланысты Су ресурстары комитетінің ЭТРМ осы процесті қаржыландырудағы бюджеттік өтінімін қолдау қажет екенін айтты.