Сырдария өзенінде су деңгейі көтерілді

0
1 296

Су деңгейі одан әрі көтерілуі мүмкін.


Сырдария өзенінде су деңгейі көтерілді

ERNUR.KZ. Сырдария өзені арнасынан шығуы мүмкін, деп жазады ҚазАқпарат.

Мұз құбылыстарына байланысты Сырдария өзенінің Жосалы тармағында су деңгейі қауіпті белгіге жақындады.

Нақты деңгей таңғы 08:00-де 638 см болатын.

Қауіпті деңгей - 665 см (судың өзен арнасынан шығуы).

Шекті деңгей - 720 см. Бұл жағдайда елді мекенді су басады.

Су деңгейі одан әрі көтерілуі мүмкін.