Талдықорғанда жасөспірімді тонаған азамат ұсталды

0
417

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары күдіктіні анықтап, қалалық полицияға жеткізді.


Талдықорғанда жасөспірімді тонаған азамат ұсталды

ERNUR.KZ. Талдықорған қаласында кәмелетке толмаған баланы тонады деген күдікпен 33 жастағы ер адам ұсталды, деп жазады zakon.kz.

Аталған дерек бойынша жасөспірім баланың анасы арыз жазды, ол 17 жастағы ұлын ұялы ұрып-соғып, телефонын тартып алған белгісіз тұлғаны қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етті.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары күдіктіні анықтап, қалалық полицияға жеткізді.

Ұсталған азамат бұрын осыған ұқсас құқық бұзушылық үшін сотталған ересек адам болып шықты. Іс бойынша тергеу амалдары ҚР ҚК-нің 191-бабына сәйкес (Тонау) жүргізіліп жатыр.