Таразда 10 жасар қыз терезеден құлап кетті

0
881

Облыс орталығында қайғылы оқиға орын алды.


Таразда 10 жасар қыз терезеден құлап кетті
ERNUR.KZ. 9 шілде күні күндізгі сағат 14:30-да «Қаратау» мөлтек ауданында оқыс оқиға болды, деп жазады ktk.kz.

«9 шілде күні күндізгі сағат 14:30-да «Қаратау» мөлтек ауданында оқыс оқиға болды. Үйде үлкендердің бақылауынсыз қалып қойған он жасар қыз бала көпқабатты үйдің екінші қабатындағы терезеден құлап кеткен», - деп хабарлады ведомстводан.

Жеткіншек ауыр жарақаттармен Тараз қаласындағы облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, қыздың сүйектері бірнеше жерінен сынған. Жамбыл облыстық ТЖД ата-аналарға барынша мұқият болып, балаларды көзден таса қылмау керектігін ескертеді. Әсіресе қазіргі жазғы демалыс кезінде балалар көп жағдайда үйде ересектердің қарауынсыз, өздері ғана қалады.