Тауда жоғалған турист қыздың төмен түсіп келе жатқанын көрген адамдар бар

0
899

Полиция қыздың телефоны арқылы қаланың әр бұрышынан телефон қоңыраулары жасалғанын анықтады.


Тауда жоғалған турист қыздың төмен түсіп келе жатқанын көрген адамдар бар

ERNUR.KZ. Алматыда тауда жоғалған турист қызды іздестіруге Алматы қалалық құтқару қызметінің алпинистері қосылды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Іздестіру тобына 8 альпинист пен 2 кинологиялық команда қосылды. Бұған қосымша Құтқару қызметінің тікұшағы да көтерілді. Туристі іздестіруге барлығы 22 адам мен 4 із кесуші ит жұмылдырылды», - деді ҚР ІІМ ТЖК Республикалық жедел құтқару жасағынан.

Республикалық жедел құтқару жасағының хабарлауынша, мұның алдында қыздың Космостанция ауданында 9 қарашада сағат 13:00-дер шамасында таудан түсіп келе жатқанын көрген куәгерлер бар. Одан кейін полиция қыздың телефоны арқылы қаланың әр бұрышынан телефон қоңыраулары жасалғанын анықтады.

Еске салайық, бойжеткеннің жоғалғаны туралы 10 қараша күні белгілі болды. Ол тау туризмімен айналысып жүрген. 9 қараша сағат 13:00 шамасында ол Үлкен Алматы (Жосалы) көлінде түскен фотосын әлеуметтік желіге жариялаған.

Одан кейін байланысқа шықпаған. Бұған дейін жүргізілген іздестіру жұмыстары қыздың туыстарының өтініші бойынша тоқтатылған болатын.

Бірақ кейін Ә.Панарғалиеваның жақындары іздестіруді жалғастыруды қайта сұрады.