Теміржолшылар үшін қолжетімді баспана бағдарламасы басталды

0
162

Бірінші кезеңде 2026 жылдан бастап бағдарламамен кадрлардың тұрақтамауы мен теміржол мамандарының тапшылығы байқалған Қарағанды, Павлодар, Семей, Қостанай және Астана қамтылды.


Теміржолшылар үшін қолжетімді баспана бағдарламасы басталды

Фото: canva

ERNUR.KZ. "ҚТЖ" ҰК" АҚ Отбасы банкімен бірлесіп компания қызметкерлерінің тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған тұрғын үй бағдарламасын іске асырудың бірінші кезеңін бастайды, деп жазады inbusiness.kz.

Бастама шеңберінде жеңілдікті шарттармен темір жолдың үздіксіз және қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ететін өндірістік персонал қызметкерлерінің басымдықпен тұрғын үй сатып алу мүмкіндігі көзделді.

"ҚТЖ" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов тұрғын үй нысаны құрылысының барысымен танысып, сала қызметкерлерін әлеуметтік қолдау маңызын атап өтті.

Бірінші кезеңде 2026 жылдан бастап бағдарламамен кадрлардың тұрақтамауы мен теміржол мамандарының тапшылығы байқалған Қарағанды, Павлодар, Семей, Қостанай және Астана қамтылды. Бастама қызметкерлердің өмір сүру сапасын арттыруға, кадрлық әлеуетті нығайтуға және қызметкерлердің кәсіби қызметі үшін тұрақты жағдай жасауға бағытталған.