Тест тапсырғандардың 57 пайызы ғана шекті бал жинаған

0
137

Наурыздың бірі күні басталған сынаққа 21 мыңға жуық оқушы қатысты.


Тест тапсырғандардың 57 пайызы ғана шекті бал жинаған

Фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырып жатқан түлектердің 57 пайызы ғана ең төменгі шекті балдан асқан, деп жазады inbusiness.kz.

Орташа балл - 53. Ал ең жоғары балл - 135. Тестілеуді түлектердің 63 пайызы қазақ тілінде, 37 пайызы орыс тілінде, 0,2 пайызы ағылшын тілінде тапсыруға өтініш берген. Тестілеудің алғашқы аптасында 22 оқушының нәтижесі жойылды. Олардың оны смартфон пайдалануға тырысса, қалғаны аудиториядан ереже бұзғаны үшін шығарылған. Тестілеу 6 сәуірге дейін жалғасады. Осы жолғы науқанға қатысуға барлығы 163 мың түлкен өтініш білдірген.