Әзірге мегаполистің ЖОО-даүы студенттердің 57%-ы ғана екпе алған.
ERNUR.KZ. Алматы қаласында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның көшпелі отырысы өтті, деп жазады inbusiness.kz.
Премьер-Министрдің орынбасары қала әкімдігінің басшылығына COVID-19 бен маусымдық тұмауға қарсы вакциналауды ұлғайтуды тапсырды. ЖОО ректорларының назары студенттерді вакциналау жөніндегі жұмысты күшейтуге аударылды, өйткені бүгінде мегаполистің ЖОО-да студенттерді вакциналау 57%-ды құрайды.
“Бұл мәселе қауіпсіз білім беру процесін қамтамасыз ету үшін маңызды. Алматы қаласы еліміздің ең ірі мегаполисі екенін, сондықтан денсаулық сақтау жүйесін дамыту, эпидемиологиялық ахуал, халықты вакциналау мәселелері жергілікті атқарушы органдардың басшыларының қатаң бақылауында болуға тиіс”, – деді спикер.
Алматыда мұғалімдердің 100%-ы екпе алды. "Ashyq" заманауи технологиясын белсенді енгізе отырып, "Салауатты мектептер" бағдарламасы іске асырылуда, соның арқасында мектеп оқушылары арасында аурудың төмендегені байқалады.
Дегенмен жыл соңына дейін дертті жұқтырудың болжамын ескере отырып әрі бірқатар басқа елдерде ауруды жұқтыру деңгейінің өсуі салдарынан 2022 жылғы мамырға дейін өнімнің 68 атауынан тұратын дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдардың қажетті қорын қамтамасыз ету, төсек-орындарды дайындау бойынша әзірлік жұмыстары жүргізілді. 375 дәріханада, қала қоймаларында сұранысқа ие препараттардың әр түрі бойынша күнделікті өткізу көлемі мен қалдықтарына мониторинг жүргізіледі.