Тұрғын үйді жалға алу шарты толық цифрлық форматта қалыптастырылады

0
77

«Отбасы банк» даму институты ретінде өз функцияларын жүзеге асыру шеңберінде азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету саласындағы негізгі процестерді кезең-кезеңімен цифрландыру және автоматтандыруды жүзеге асырып келеді.


Тұрғын үйді жалға алу шарты толық цифрлық форматта қалыптастырылады

ERNUR.KZ. Банк процедуралардың ашықтығын қамтамасыз етуді біріздендіруді пайдаланатын ақпараттық жүйелерді барлық мемлекеттік ақпараттық жүйемен интеграциялау арқылы қамтамасыз етіп отыр. Қаржы мекемесі тұрғын үйді бөлу бойынша цифрлық платформаны іске қосты. Бұл туралы «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Жансұлтан Матай ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

Платформаны пайдаланушы интерфейс orken.otbasybank.kz порталы болып табылады. Түсетін өтініштерді өңдеу, тіркеу және есепке алу Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығының ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

«Тиісті өтініштерді қарау, шешімдерді қабылдау үшін қажетті мәліметтерді тіркеуді және өңдеуді қамтамасыз ететін Банктің ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда ғана жүзеге асырылады. Банк жұмысы шеңберінде процесті өтінішті беруден бастап тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауға дейінгі негізгі кезеңдер ҚР заңнамасына сәйкес белгіленген тәртіппен Банктің цифрлық сервистері мен ақпараттық жүйелерін пайдалану арқылы жүзеге асады. Қазір осы жұмысты жалғастыра отырып, Банк жергілікті әкімдіктермен бірге orken.otbasybank.kz платформасында ЖАО мамандандырылған кабинеті арқылы тұрғын үйді жалға алу шартын толық цифрлық форматта қалыптастыру және оларға қол қою функцияларын жүзеге асырып, жариялады», – деді спикер.

Осы уақытқа дейін үй бөлініп болғанша азаматтар әкімдікке немесе комиссияларға барып, жалға алу шартына қол қоятын. Енді олар өздерінің жеке кабинеті арқылы тек электрондық форматта қол қояды. Бұл клиенттердің кеңселерге бармай, құжатты толық қашықтан рәсімдеуге мүмкіндік береді. ЖАО порталдағы кабинет арқылы азаматтардың толық статистикасын көріп, сол арқылы мониторинг жүргізеді. Болашақта осы жүйеде қажетті пәтерлер саны, сол ауданда кезекте қанша азамат бар, олардың санаты, оларға қанша бөлмелі пәтер керек сынды ақпаратты алуға болады.

Жүйе деректерді пайдалану, ЖАО-ның тұрғын үй саясаты саласында басқарушылық шешімдерін неғұрлым тез және дәл қабылдауын қамтамасыз етеді. Банк азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету процестерін автоматтандыру және жетілдіруді жалғастырады.

Айта кетерлігі, «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес енді отбасы мүшелері ретінде тек тұрақты бірге тұратын жұбайы және зайыбы, ортақ немесе біреуінің балалары, асырап алған балалар, қамқорлыққа алынған балалар, өзара келісіммен жұбайы және зайыбының ата-аналары танылады.