​ТЖМ қазақстандықтарды «дабыл сөмкесін» дайындап қоюға шақырды

0
479

«Дабыл сөмкесі» — құтқарушылар келгенге дейін немесе жер сілкінісі, су тасқыны өрт және басқа да төтенше жағдайларда аман қалуға арналған заттардың негізгі жиынтығы деп аталады.


​ТЖМ қазақстандықтарды «дабыл сөмкесін» дайындап қоюға шақырды

Фото: pexels.com

ERNUR.KZ. Жамбыл облысындағы жер сілкінісінен кейін Төтенше жағдайлар министрлігі қазақстандықтарға үндеу жолдап, «дабыл сөмкесінің» дайындаудың маңызын еске салды, деп жазады inform.kz.

«Дабыл сөмкесі» — құтқарушылар келгенге дейін немесе жер сілкінісі, су тасқыны өрт және басқа да төтенше жағдайларда аман қалуға арналған заттардың негізгі жиынтығы деп аталады.

— Оқыс оқиғадан ешкім сақтандырылмаған. Төтенше жағдай туралы дабыл кез келген сәтте, кез келген жерде қағылуы мүмкін. «Дабыл чемоданы» әрқашан дайын болуы үшін бұған алдын ала дайындық жасаңыз! Бұған төтенше жағдайда қолдануға болатын заттар кіреді, — деп атап өтті ведомство.
«Дабыл чемоданы» құжаттардан, ақшадан, алғашқы медициналық көмек жинағынан, үш күндік тамақтан, ауыз сумен және бірнеше күндік тағамнан, консервілерден, жоғары калориялы тағамдардан, гигиеналық құралдардан, жылы киімдерден, көрпеден, керек-жарақтардан (радио, фонарь, батареялар, сіріңкелер, құралдар, ысқырық) тұрады.
— Ол төтенше жағдай кезінде сіздің өміріңізді сақтауды басты құралына айналады! Сол себепті әр азаматтың төтенше жағдайға және одан кейінгі әрекетке дайын болғаны жөн, — деп ескертті министрлік.
Бұдан бөлек, ТЖМ жер сілкінісі кезіндегі жүріс-тұрыс қағидаларын еске салатын видео жариялады.

Еске салсақ, бүгін сағат 16:00 шамасында Жамбыл облысында тағы да жер сілкінді.

Бұған дейін өңірде алғашқы жер сілкінісі 03:42–де тіркелгені белгілі болды. Есептелген қарқындылығы Меркі ауылында — 5.0 балл, Құлан ауылында — 4.0 балл, Шу
Табиғи апат салдарынан Тұрар Рысқұлов ауданы Қарақыстақ ауылындағы мәдениет үйі, Меркі аудандық ауруханасы, Ойтал ауылындағы мектеп ғимаратының қабырғасында жарықшақ пайда болғаны анықталды.
Бұдан бөлек, үкіметтік жұмыс тобы жағдайды сараптап, бағалау және шара қолдану үшін Жамбыл облысына жіберілді.
Кейіннен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев пен Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтің өңірдегі жер сілкінісінен кейінгі ахуал бойынша баяндамаларын тыңдады.