Ухандағы эвакуация: қазақстандық қызды Украина ұшағына мінгізбей қойды

0
834

Тексеру кезінде оның ыстығы көтеріліп тұрғаны анықталды.


Ухандағы эвакуация: қазақстандық қызды Украина ұшағына мінгізбей қойды

ERNUR.KZ. Украина ұшағы Уханнан бір ғана Қазақстан азаматын алып шықты. Екінші қызды қызуы көтеріліп тұрғандықтан ұшаққа мінгізбеді, деп жазады zakon.kz.

Ал осылайша Алматыға жетіп алған тағы бір қыздың жағдайы қанағаттанарлық, дене қызуы, шағымдары жоқ. Бірақ, кез-келген жағдайда, ол 14 күн бойы көпсалалы ауруханада карантинде болады, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.
Украина өз азаматтарын Уханнан эвакуациялау үшін ұшақ шығарған. Ол біздің екі азаматты да ала кетеді деп күтілген.
Екінші қызды жібермеді, өйткені оның температурасы 37 градус болды. Әдетте, Қытай тарапы адамның дене қызуы көтеріліп тұрса, осындай шараларды қабылдайды. Ол әлі де Қытайда қала береді, - деді Денсаулық сақтау министрлігіндегілер.
Айта кетсек, Украинада осы ұшаққа қатысты шешім қабылдаған үкіметтің отставкаға кетуі талап етіліп жатыр. Өйткені саясаткерлер Украина инфекцияның таралу қаупіне төтеп беруге дайын емес екенін айтады. Ал бүгін Уханнан Киевке 48 украин және 29 шетел азаматы эвакуацияланып, олар 14 күндік карантинге елдің төрт аймағына жіберілмек.