"Ұлттық қор – балаларға": тұрғын үй мен білім ақысын төлеуге 186 мың өтінім берілді

0
103

Кәмелетке толмаған 6,9 млн азаматының әрқайсысына $100-ден астам қаражат аударылды.


фото: Sputnik / Санат Имангалиев

ERNUR.KZ. "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы аясында тұрғын үй жағдайын жақсартуға және білім беру ақысын төлеуге 186 мың өтінім берілді, деп жазады sputnik.kz.
Оның ішінде жалпы сомасы $22,9-дан астам болатын 156 мың өтінім орындалды.
2025 жылы Қазақстан Республикасының кәмелетке толмаған 6,9 млн азаматының әрқайсысына $100-ден астам қаражат аударылды. Бағдарлама кәмелетке толмаған балалар үшін жинақтаушы білім беру капиталын қалыптастырады.
Еске сала кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияның 30 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда жер және барлық табиғи ресурс халыққа тиесілі екені Конституцияда айқын көрсетілгенін атап өтті.
"Осы қағидатты іс жүзінде орындау үшін маңызды шаралар қабылданды. Менің тапсырмаммен "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы әзірленді. Қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының жартысы балалардың арнайы есепшотына жіберілетін болды", - деді президент.
Былтырдан бері Ұлттық қордан 1,5 миллиард доллардан астам қаржы бөлінді.