"Ұмай" бағдарламасы келесі жылы да жалғасады

0
216

Азия даму банкі "Ұмай" және "Жасыл ипотека" бағдарламаларына 90 млрд теңге береді.


Фото: canva.com

ERNUR.KZ. "Отбасы банк" АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова "Ұмай" бағдарламасы келесі жылы жалғасатынын айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"1 қарашада "Ұмай" бағдарламасы бойынша Азия даму банкімен (келісімге) қол қойдық. Олар 2025 жылы бізге "Ұмай" және "Жасыл ипотека" бағдарламаларына 90 млрд теңге береміз деп отыр", – деді Ләззат Ибрагимова Үкімет отырысынан кейінгі брифингте.

Оның айтуынша, бағдарлама әрі қарай да жалғасын табады.

"Шарттарында ешқандай өзгеріс жоқ. Бастапқы жарна 20 пайыз болып қалады. Қазақстанда "Ұмай" бағдарламасының үлкен нәтижесі бар. Бағдарлама бойынша қыз-келіншектеріміз баспаналы болады", – деді "Отбасы банк" басшысы.

Ләззат Ибрагимова тиісті бағдарламада шәкіртақы кіріс ретінде саналатынын нақтылады.