Үндістан сыртқы істер министрі екі елдің әскери құрылымдары арасында келіссөздер өткенін айтты.
Фото: pixabay
ERNUR.KZ. Үндістан мен Пәкістан ресми түрде толық әрі дереу оқ атуды тоқтатуға келісім бергенін мәлімдеді, деп жазады Azattyq Rýhy.
«Пәкістан мен Үндістан оқ атуды дереу тоқтату туралы келісті. Пәкістан әрқашан өңірлік бейбітшілік пен қауіпсіздікке ұмтылып келеді, сонымен қатар өз егемендігі мен аумақтық тұтастығынан ешқашан бас тартпайды», — деп жазды Пәкістан сыртқы істер министрі Исхак Дар әлеуметтік желіде жариялаған жазбасында.
Үндістан сыртқы істер министрі Викрам Мисри екі елдің әскери құрылымдары арасында келіссөздер өткенін және барлық әскери әрекеттерді тоқтату жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілгенін хабарлады. Алайда ол өз мәлімдемесінде «оқ атуды тоқтату» терминін тікелей қолданған жоқ.
Өз кезегінде Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф АҚШ президенті Дональд Трампқа бейбіт келісімге қол жеткізуде атқарған белсенді рөлі үшін алғыс білдірді.
«Пәкістан АҚШ-тың бұл нәтижеге қол жеткізуге ықпал еткені үшін алғыс білдіреді. Біз бұл шешімді өңірлік бейбітшілік пен тұрақтылық мүддесі үшін қабылдадық», — деді ол.