Зағип және көру қабілеті нашар адамдар үшін дыбыс жазу студиясы ашылды

0
2 220

​Аудиокітаптарды жазуға кәсіби дикторлар қатысады. Кассетаға жазылған бір аудиокітап 2 кассетадан 24 кассетаға дейінгі көлемді құрайды, дискге 2-3 кассета жазылады.


Зағип және көру қабілеті нашар адамдар үшін дыбыс жазу студиясы ашылды

«Болашақ» корпоративтік қоры Астана қаласының зағип және көру қабілеті нашар азаматтарына арналған мамандандырылған кітапхана базасында «Цифрлік кітап және оның кітапханадағы болашағы» атты дыбыс жазу студиясын ашты, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Дыбыс жазу студиясының ашылуы 6000-нан астам кітапты цифрлеуге мүмкіндік береді, осының арқасында 3000-нан астам оқырман аудиокітаптарға қол жеткізе алады» - деп атап өтті «Болашақ» корпоративтік қорының директоры Динара Шайжүнісова.

Цифрленген кітаптар бүкіл Қазақстан бойынша зағиптар мен көру қабілеті нашар адамдарға арналған кітапханаларға жіберіледі.

Аудиокітаптарды жазуға кәсіби дикторлар қатысады. Кассетаға жазылған бір аудиокітап 2 кассетадан 24 кассетаға дейінгі көлемді құрайды, дискге 2-3 кассета жазылады.

Айта кетейік, 2021 жылға дейін 6000-нан астам кітапты цифрлеу жоспарлануда.