Жұмабек Сағындықов қазір Жамбыл облысы Әділет департаментінде аула тазалаушы болып қызмет істейді.
Фото: Ақорда баспасөз қызметі
ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Тоқаев Жамбыл облысына сапары барысында бір топ адамды мемлекеттік наградалармен марапаттады, деп жазады stan.kz.
Президент Тоқаевтың жарлығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық және өнеркәсіптік дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Сағындықов Жұмабек үшінші дәрежелі “Еңбек Даңқы” орденімен марапатталды.
Жұмабек Сағындықов қазір Жамбыл облысы Әділет департаментінде аула тазалаушы болып қызмет істейді.
“2025 жыл “Жұмысшы мамандықтары жылы” деп жарияланғаны белгілі. Бұл бастама еңбек адамын қоғамдағы лайықты орнына шығарып, жұмысшы мамандықтардың беделін арттыруға бағытталған”, – делінген хабарламада.
Сағындықовтан бөлек үшінші дәрежелі “Еңбек Даңқы” орденімен:
- Байділдаев Марат Тайтеліұлы – “Жамбыл электр жүйесі” ЖШС Жамбыл ауданы электр желілерінің электр монтері, Жамбыл облысы;
- Байтұрсынов Бақытбек Тұлымханұлы – “Бурное сүт компаниясы” ЖШС жүк көтергішінің жүргізушісі, Жамбыл облысының Жуалы ауданы;
- Өтениязов Садуақас Әбдіназарұлы – “Talas Investment Company” ЖШС сорғы қондырғылары машинисі, Жамбыл облысының Талас ауданы;
- Пичиневский Андрей Анатольевич – “Мерке ірімшік зауыты” ЖШС дәнекерлеушісі, Жамбыл облысы;
- Сәтбаев Елубай – “Фабрика ПОШ-Тараз” ЖШС автотиеуіш жүргізушісі, Тараз қаласы;
- Тұранов Райм Мансұрұлы – “Қазфосфат” ЖШС "Минералды тыңайтқыштар" Тараз филиалының слесары-жөндеушісі, Тараз қаласы.
“Ерен еңбегі үшін” медалімен
- Жолымбеков Сайлаубек Пашайұлы – “Мерке ет комбинаты” ЖШС мал дәрігері, Жамбыл облысы;
- Голубцов Андрей Анатольевич – “Т.И. Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС-і” АҚ энергоблок машинисі, Тараз қаласы;
- Жуковская Татьяна Александровна – Ali-Ko Sut 2023 ЖШС бас технологі, Жамбыл облысының Жуалы ауданы;
- Қожамқұлов Нұрталап Қуантайұлы – “Рысбаева и Ко” ЖШС баспагері, Тараз қаласы;
- Сүгірбаева Шынар Асыранқұлқызы – “Амир и Д” ЖШС технологі, Тараз қаласы.


