12 млрд теңге жаңадан құрылған облыстардағы әкімдіктер мен басқармалардың жұмысын ұйымдастыруға қарастырылған.
ERNUR.KZ. Ұлттық экономика министрлігі жаңадан құрылған облыстардың тұрғындарын тіркеуге қою жұмысына қатысты түсінік берді, деп жазады ҚазАқпарат.
«Егер басқа аумаққа қоныс аударса немесе қайта тіркеліп жатса, онда жаңа мекенжай жазылады. Сонымен қатар, құжатын жоғалтқандар мен куәлігін жаңартып жатқандарға да жаңа мекенжайдың мәліметтері беріледі. Ал қолындағы құжаттарға немесе тұрғылықты жеріне қатысты қайта тіркеудің қажеті жоқ», - деді ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков.
12 млрд теңге жаңадан құрылған облыстардағы әкімдіктер мен басқармалардың жұмысын ұйымдастыруға қарастырылған.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Әлібек Қуантыров жаңадан құрылған облыстарда инфрақұрылым мен жолдардың сапасына қатысты проблема бар екенін айтты.
Өткен аптада Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалды.
Сонымен қатар, Марат Сұлтанғазиев Алматы облысының әкімі болды, Нұрлан Ұранхаев Абай облысының әкімі лауазымына тағайындалды.
Ал Жетісу облысының әкімі қызметіне Бейбіт Исабаев келді.


