Жаңадан құрылған Ұлытау, Абай және Жетісу облыстарында әкімдіктер мен басқармалардың ғимараттары үшін 12 млрд теңге қажет.
ERNUR.KZ. Бұл туралы ұттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.
"Қазіргі таңда жергілікті атқарушы органдар облыс орталықтарында әкімшілік ғимараттарды сатып алуға, жөндеуге және жалға алуға бюджеттен қанша ақша қажет екенін анықтады. Болжам бойынша 12 млрд теңгеге жуық қаражат керек", - деді Қуантыров орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Министр қаржы бөлу мәселесі Қазақстанның бюджет заңнамасында айқындалған тәртіппен қаралатынын атап өтті.
Қуантыров жаңа облыс орталықтарында мемлекеттік органдар мен жұмысшылардың қызметіне қажет әкімшілік ғимараттар бар екенін атап өтті.