Комиссия орын алған жарылыстың мән-жайын, келтірілген залалды анықтайтын болады.
ERNUR.KZ. Кеше, 17 сәуірде сағат 5 шамасында Жаңаөзен қаласында екі кіреберістен тұратын 12 пәтерлі 2 қабатты тұрғын үйден газ-ауа қоспасының жарылысы орын алған болатын, деп жазады ҚазАқпарат.
ТЖМ мәліметінше, оқиға орнында өрт орын алған жоқ, Жарылыс салдарынан 150 шаршы метр кіреберіс қирады. Жарылыс кезінде 4 пәтер зардап шекті.
«Құтқарушылар үйінділердің астынан 4 аман қалған адам мен 4 адамның денесін алып шықты. Қазіргі уақытта 6 адам ауруханада ем алуда. ТЖД-да жедел штаб құрылып, жедел желі телефоны 8/7292/31-90-99 қызмет көрсетуде», - деп жазды ведомстводан.
Оқиға орнына ТЖД бастығы полковник Мұрат Мұханов барды.
Үйінділерді талдау бойынша жедел жұмыстарға 40-қа жуық техника мен 350-ге жуық адам, соның ішінде кинологиялық есеп, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері, жергілікті атқарушы органдар, жедел медициналық көмек, полиция, еріктілер жұмылдырылды.
Сағат 18.15-те барлық авариялық-құтқару және үйінділерді талдау жұмыстары аяқталды.
Қазіргі уақытта Жаңаөзен қаласының әкімдігі комиссия құрды. Осы комиссия орын алған жарылыстың мән-жайын, келтірілген залалды анықтайтын болады.