Қазақстандағы жекеменшік университеттердегі оқытушылардың жалақысы туралы нақты мәліметтер шектеулі.
Ulysmedia коллажы
ERNUR.KZ. Университеттердегі оқытушылардың айлығының аздығына байланысты мәселесі елде жиі айтылады, деп жазады ulysmedia.kz.
Ондай мәселе бар. Біз мемлекеттік университеттерде кейінгі үш жылда жалақыларды жақсы көтеріп алдық. Ғылымның, ғылыми жобалардың арқасында жалпы, жңа заңдардың қабылдануымен ғылыми дәреже бойыша жақсы көтеріп алдық. Жекеменшік университеттерден шағымдар келеді. Олар тікелей бізге бағынбайды. Кәсіпкерлік кодекспен олардың жекеменшік бизнесі, құқықтары қорғалған. Біз оларға нұсқаулық бере алмаймыз, тек ұсыныс айтамыз. “Міне, біз осылай көтеріп жатырмыз” деп айтқанымызбен, қазір тікелей міндеттейтін күшімі жоқ, – дейді ол.
Қазақстандағы жекеменшік университеттердегі оқытушылардың жалақысы туралы нақты мәліметтер шектеулі. Алайда, жалпы алғанда жоғары оқу орындарындағы профессор-оқытушылар құрамының жалақысы соңғы жылдары айтарлықтай өсті. Мысалы, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап, оқытушыларға ұсынылатын ең төменгі жалақы мөлшері 240 000 теңге, аға оқытушыларға 276 000 теңге, доценттерге 312 000 теңге, профессорларға 420 000 теңге болып белгіленген. Сонымен қатар, 2024 жылдың екінші тоқсанында жоғары оқу орындарының оқытушылары үшін республикалық орташа жалақы 393 041 теңгені құрады. Бұл көрсеткіштер жекеменшік университеттердегі жалақының да осы деңгейде немесе одан жоғары болуы мүмкін екенін көрсетеді. Жалақы мөлшері университеттің орналасқан жеріне, беделіне және оқытушының біліктілігі мен тәжірибесіне байланысты өзгеруі мүмкін.