​Жұмыссыздар МӘМС аясында емделе алады — Мәжіліс заң жобасын қарайды

0
203

Заң жобасы Үкіметтің бастамасымен әзірленді.


​Жұмыссыздар МӘМС аясында емделе алады — Мәжіліс заң жобасын қарайды

Фото: Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты

ERNUR.KZ. Мәжіліс міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын қарауға алды, деп жазады inform.kz.

Заң жобасы Үкіметтің бастамасымен әзірленді. Ол негізгі үш бағыттан тұрады, біріншіден 2027 жылға қарай кепілдендірілген көлемдегі тегін медициналық көмек пакетін екі есе, яғни 57%-дан 32%-ға қысқарту, сәйкесінше міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетін 68%-ға ұлғайту көзделеді. Екіншіден, жұмыс берушілер мен жұмысшылардың МӘМС қорына төлейтін жарна шегін ең төменгі жалақы көлемінен 50 есе арттыру қарастырылған. Үшіншіден, жергілікті бюджет есебінен жұмыссыздар мен әлеуметтік дағдарыс деңгейіне жататын азаматтар үшін МӘМС қорына жарна төлеу көзделіп отыр, — деді Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетов Мәжілістің жалпы отырысында.

Айта кетсек, биыл Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін жетілдіру туралы заң жобасы жедел пысықталуы керек және осы сессияның соңына дейін қабылдануға тиістігін баса айтқан еді.
Сондай-ақ Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов МӘМС кемшіліктеріне тоқтала келе, бір адамның 82 тісін емдеген фактісі туралы айтқан болатын.