Жол белгілері талаптарын сақтамаған
Кешегі демалыс күндері әлеуметтік желіде Қайрат Нұртас мінген көлік Жамбыл облысына қарасты Қордай ауданында жол ережесін өрескел бұзды деген ақпарат тарады.
Жамбыл облыстық Полиция департаментінің берген мәліметіне сүйенсек, «Mercedes-222» маркалы көлігін жүргізген жүргізушіге Әкімшілік құқықбұзушылық Кодексінің 601-бабы (жол белгілерімен немесе жолдың жүру бөлігіне белгіленген талаптарды сақтамау) бойынша хаттама толтырылып, 10 350 теңге айыппұл салынған.
«Видеода көрсетілген көлікті Қайрат Нұртас басқармаған. Көлікті бастығына асыққан жүргізушісі басқарған», - деді Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлова.