Адамның ең бірінші аяғы қартаяды

0
9 792

Адамның дене мүшелерінің ішінде бірінші болып аяқтың қартаятынын ертедегі қытайлықтар білген екен. Одан кейін ғана басқа ағзалар кәріліктің шырмауына түсе бастайтын көрінеді. Себебі, дәл осы аяқта көптеген жүйке жүйесінің мен рефлекторлық аймақтар орналасқан. Қытайлық медицина даналарының жазып кеткен осынау дәйегіне бүгінгі медицина ғылымы да жүгінеді.


Адамның ең бірінші аяғы қартаяды

фото: myjulia.ru

Адамның дене мүшелерінің ішінде бірінші болып аяқтың қартаятынын ертедегі қытайлықтар білген екен. Одан кейін ғана басқа ағзалар кәріліктің шырмауына түсе бастайтын көрінеді. Себебі, дәл осы аяқта көптеген жүйке жүйесінің мен рефлекторлық аймақтар орналасқан. Қытайлық медицина даналарының жазып кеткен осынау дәйегіне бүгінгі медицина ғылымы да жүгінеді.

Ендеше аяқ қартаймасын десеңіз, сонымен қатар, аяқ арқылы өзге де ағзалардың саулығын сақтағыңыз келсе, мындай кеңестерге құлақ асқаныңыз абзал.

* Міндеттті түрде күніне 10 минут жалаңаяқ жүріңіз. Негізі, осы минутты таңертеңгі шық үстінде жүріп өткізсеңіз, тамаша болмақ. Әрине, жаздың күндері. Ондай мүмкіндік болмаса, жалаңаш еден де жарайды. Сондай-ақ, аздаған массаж әсері бар кілемше болса да жақсы болар еді. Оның үстінде күніне 10 минут жүруді әдетке айналдырсаңыз, аяққа қан жүгіріп, түрлі аурудың алдын алады әрі шаршағанды басады.

* Тағы бір әдісі – тек аяқтың ұшымен ғана емес, өкшемен де кезектестіріп жүріп, аяқтың ішкі және сыртқы жағына да кезек салмақ түсіріп жаттығу керек. Мұны таңертеңгі жаттығуға қоссаңыз, әсерін екі-үш күнде-ақ сезесіз. Сол арқылы тек аяғыңыздың ғана емес, көптеген дене мүшелеріне де оң әсерін тигізесіз.

* Ең жақсы көмек – табанға жасалатын массаж. Оның да түрлі әдісі бар. Мұнда да ежелгі қытайлықтардың әдісіне сүйеніп, табанның «юн-цюань» деп аталатын нүктесіне массаж жасаудан бастаймыз.

Бұл нүкте табанның орталығында орналасқан (суретте).


Қартаюдан сақтайтын табан массажы

Құрғақ массаж

«Юн-цюань» нүктесін 20 рет үздіксіз басу керек. Әр аяққа жеке жасайсыз. Бірақ ауыртып алудан сақ болыңыз. Массажды таңертең және кешке жүйелі түрде жасап тұрыңыз. Осылайша аяғыңыздың қанайналымын жақсартып, бұлшықеттерді сергітеді.

Ылғалды массаж

Жуынатын ыдысқа жылы су құйыңыз да, оған аяғыңызды салып аздап қызара бөрткенше күтіңіз. Сондықтан да су темперетурасы 38-40 градус болсын. Содан соң екі аяқтың да «юн-цюань» нүктесін үздіксіз 80 рет басыңыз. Соңынан сүлгімен жақсылап ысқылаңыз.

Массаждың кереметтілігін бірден-ақ байқайтын боласыз.

Көру қабілетіңізде мәселе туындап жатса...

Көздің аурулары көбіне жас келген сайын асқына бастайтыны белгілі. Мұның алдын алу үшін де аяққа жасалған массаж көмектесетін көрінеді. Ол үшін ағаш таяқшамен аяқтың екінші және үшінші саусағын жеңіл ғана 5 минуттай ұрғылау керек екен. Тап осы саусақтарда көздің рефлекторлық аймағы орналасқан.

Табан ұрғылау

Құлаққа ерсілеу естілсе де, ежелгі қытайлық дәрігерлер табанды ұрғылаудың пайдасы молдығын айтқан. Ол үшін резеңке немесе ағаш балғаны алып, саусақ астындағы жастықшаларды бір мезгіл ұрып тұру керек. Тіпті, бос бөтелке де болады.

Ұрғылаған соң бүкіл денеңізге жылы бір ағыс таралғанын байқайсыз. Ең бастысы - жайбарақат, рахат күйге енгендігіңізді сезесіз. Бұл әдіс аяқтың ғана емес, бүткіл дененің қанайналмын жақсартуға таптырмайды.

Адамның қозғалысының өзі – өмірдің бір бөлшегі. Жаяу көп жүру деген жақсы ғой. Бірақ оған да бір мезгіл массаж бен демалыс керек екенін ұмытпаған жөн. Егер аяғыңызға көп мән берер болсаңыз, қарттық сізді жақын уақытта мазаламайтын болады.

Дайындаған: Қ.Сауран.

ERNUR.KZ